КҚББ негізгі ұйымдастыру іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес қызметтік іс-әрекеттің функционалдық бағыттары бойынша нақты жұмыс атқарылды.
Бөлімшеде 315 кәсіпкерлік субъектісі есепте тұр. Бұл жеке күзет ұйымдары (ЖКҰ), мамандандырылған оқу орталықтары (МОО) және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, реттеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын, орталықтандырылған бақылау пультін қосу жөніндегі оператор-фирмалардың өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
ҚР Заңы мен ҚР ІІМ "Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аумақтық ішкі істер органдары және
www.egov.kz және веб-портал
www.elicense.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін "күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілді.
Ағымдағы кезеңде 15 өтініш қаралды, онда заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысуға 15 лицензия берілді.
ПД КҚББ бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-нің 2019-2020 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру бойынша ПД іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке күзет ұйымдарымен бірлесіп, пәтерлер мен үйлерді күзетуге беруді ынталандыру бойынша халық арасында түсіндіру және үгіттеу сипатындағы іс-шаралар кешені өткізіледі.
Жалпы облыс бойынша ЖКҰ мен оператор-фирмалар 9 мыңнан астам нысанды күзетуде, бұл нысандар мен азаматтардың пәтерлері.
Ағымдағы кезеңде 18 нысан тексерілді, тексеру нәтижелері бойынша террористік тұрғыдан осал 7 нысанның басшыларына кемшіліктерді жоюға ұйғарым берілді.
Күзет қызметінің субъектілері Маңғыстау облысының аумағында терроризмге қарсы даярлықтың бірыңғай күнін өткізудің бекітілген тәртібі шеңберінде әр айдың соңғы сәрсенбісінде күзетілетін нысандардағы күзетшілер мен персоналды осы бағытта қажетті дағдылар мен білімге оқыту бойынша іс-шаралар өткізеді. Терроризмге қарсы іс-шараларды сапалы өткізу үшін ЖКҰ директорлары осы бағытта сабақтар мен оқу-жаттығуларды өткізу үшін барлық қажетті арнайы әдістемелік ұсынымдармен және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.