"Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының орталығында полиция қызметкерлері көшені жаяу жүріп патрульдейді, құқықтық тәртіпті сақтауға Ұлттық гвардия жауынгерлері кинологтармен және олардың қамқорлығындағылармен бірге қызмет етеді, олар да қала көшелерін күзетеді", – деді Маңғыстау облысының бас полицейі Ж.Бақтыбаев.
Патрульдік қызметтің қызметкерлері күн сайын көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты болады, ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ ауыр қылмыстар жасаған қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды ұстайды.
Тек 7 айдың ішінде жаяу патрульдеу жасақтары "ізін суытпай" 69 қылмысты ашты, 3256 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу – 483, қаланы абаттандыру ережелерін бұзу – 307, ұсақ бұзақылық – 140, азаматтарға қасақана қысым көрсету – 12, қоғамдық орындарда темекі шегу - 437 құқық бұзушылық. Барлығы 1427 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жаяу жүргіншілердің – 832, тіпті жүргізушінің көлік жүргізу кезінде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, көшедегі төбелес, жанжал, алкогольді асыра пайдалану және оның салдары көбінесе "102" нөміріне қоңырау шалудың себебі болып табылады және мұндай жағдайларда жаяу патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегінсіз болмайды.
"Жаяу патрульде қызмет ету полиция қызметкерін "әмбебап сарбаз" етеді деп айтуға болады. Патрульдік қызмет батальонын кадрлар "ұстасы" деп атайтыны бекер емес",- деді полиция басшысы.