ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Уйдегі балалардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

"Балалардың қатысуымен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ювеналды полция қызметкерлері, сондай - ақ Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деп атап өтті облыс Департаментінің бастығы Ж. Бақтыбаев.
Instagram, Facebook интернет-ресурстары, сондай-ақ online форматындағы "Zoom" бағдарламасы арқылы үйдегі, тұрмыстағы, электр құралдарын пайдалану кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, балалардың терезеден құлау қауіпсіздігі туралы түсіндірулер жүргізіледі. Сондай-ақ, инспекторлар төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндірді.
Ағымдағы жылдың 7 айында кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен өлім-жітім фактілері аз тіркелді, бұл, әрине, балалардың қадағалауында екенін көрсетіп отыр, алайда, балалардың құлауының биыл 7 фактісі тіркелді және олардың біреуі ғана өліммен аяқталды, бұл 2019 жылға қарағанда бірнеше есе аз.
Балалармен көптеген түрлі жағдайлар болады, мысалы, жәндіктердің, иттердің, итбалықтардың тістеп шағуы. Сондай-ақ, ересектерге балалардың қолы жетпейтін жерлерге тұрмыстық құралдарды, таблеткаларды және т. б. қою керектігін еске салған жөн.
"Жасөспірімдік кезең ең эмоциялық кезең болып табылады және ата — аналарға осы кезеңде өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасамау және балаларымыздың үйден қашып кетпеу үшін біздің балаларымызға аса мұқият болу керек екенін айтқым келеді, өйткені жыл басынан бері 6 суицид фактісі және балалардың үйден кетуінің 8 фактісі тіркелген, олар үйлеріне қайтарылған", - деп хабарлады Маңғыстау ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.
Дата публикации
12 августа 2020
Дата обновления
12 августа 2020
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы