Өңірде азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асыруға қатысты қолданыстағы шектеулерге байланысты өңір полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев азаматтарды кезекті рет онлайн-режимде қабылдады.
Қабылдауға алты адам жазылды.
Қабылдау барысында жүгінген азаматтардың сұрақтарына білікті және түсінікті жауаптар берілді.
Ақтау тұрғыны көмек сұрап қабылдауға келді. Ер адамның айтуынша, оның келісімінсіз полиция қызметкерлері хаттама жасақтап, оның күшін жоюды сұрайды.
Полиция басшысы Ж. Бақтыбаев тарапынан мәселені шешуге тағы бір көмек көрсетілді.
Мұнайлы ауданы тұрғынының өтініші бойынша оның автокөлігін айып тұрағына қоюға қатысты Ж.Бақтыбаев сол жерде автокөлікті иесіне қайтару туралы мәселені шешті.
Тұрғынның айтуынша, ол мал бағады, полиция қызметкерлері автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде оның жүргізу құқығы мерзімі өткені белгілі болады.
Азамат Ж. Бақтыбаевтың нұсқауымен жүгінгеннен кейін полиция құжаттармен көмектесіп, көлік иесіне қайтарылды.
Басқа өтініштер бойынша бас полицей өз орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
"Ел басшылығының құқық қорғау органдарының халық үшін ашықтығы жөніндегі талаптарын іске асыра отырып, біз тұрғындар мәселесін шешуге өз үлесімізді қосамыз. Бүгінгі өтініштерді шешу барысын жеке өзім бақылайтын боламын", – деп атап өтті Ж.Бақтыбаев.
Уақытша шектеулерге қарамастан, өңірдің әрбір тұрғыны өзіне ғана емес, құқық қорғау органының қызметіне де қатысты мәселемен облыс полиция басшысына жүгіне алады және әркім оның құзыретті шешіміне үміттене алады. Ол үшін Facebook, Instagram, ВКонтакте ведомстволық әлеуметтік желілері жұмыс істейді.