ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 107 қылмыскерді анықтап, ұстады

Ағымдағы кезеңде Маңғыстау облысы департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 107 қылмыскерді анықтап, ұстады.

Іздестіру бөлімі криминалдық полиция қызметінің бағыттарының бірі. Қандай да бір себептермен жоғалып кеткен баланы немесе ересек адамды табу үшін тәжірибе мен шеберлік қажет. Құқық қорғау органдарынан жасырынып емес, қала аумағында жоғалып кететіндер туралы айтатын болсақ, онда олардың көпшілігі балалар, жасөспірімдер және қарт адамдар. Мұнда да өз санаттары бар.

Мысалы, мезгіл-мезгіл жоғалып кететіндер ол - тәртібі қиын жасөспірімдер. Біз достарынан, таныстарынан сұрастырып жүріп, оларды әдетте біреудің үйінен тауып аламыз. Жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін.

Сонымен, іздестіру бөліміне 10 азамат өз туыстарының жоғалып кетуі туралы өтініш білдірді. Оның 9-ы ізін суытпай табылды.
Біріншіден, полицияға қоңырау шалып, қажетті ақпаратты дайындау керек: жоғалған адамның фотосуреті, ерекше белгілері, киген киімі, ұялы телефон нөмірі, достарының, туыстарының байланыстары, созылмалы аурулар бар-жоғы – жоғалған адамды тез табуға көмектесетін барлық нәрсе.

"Әлеуметтік желілер де іздеуде көмектеседі, қазір волонтерлік топтар көп, біз олармен үнемі байланыстамыз, егер жоғалған адамдардың туыстары, әрине, ақпаратты жариялауға рұқсат берсе. Жағдайлар әртүрлі. Еріктілер полиция қызметкерлерімен бірге қаланы тиімді түрде аралап жүреді.
Бақытымызға орай, жоғалған адамдарды іздеу жиі сәтті аяқталады деп айта аламын",-деді полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек.

Дата публикации
09 августа 2020
Дата обновления
10 августа 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы