
Ювеналды полиция инспекторлардың негізгі міндеті - жасөспірімдердің қараусыздығы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу. Бұл бағытта Маңғыстау облысының ювеналды полиция инспекторларының үздіксіз жұмыстары жүргізілуде.
"Ағымдағы жылы ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмағандарға қарсы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізді", - деп атап өтті полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек.
Ағымдағы жылдың 7 айында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2401 әкімшілік хаттама рәсімделді (ҚР ӘҚБтК 442-бабы).
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 7 әкімшілік хаттама рәсімделді (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы).
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша өздерінің тікелей міндеттерін орындамайтын, азғын өмір салтын жүргізетін "қолайсыз отбасыларға" ерекше назар аударылды. Олар ювеналдық полиция бөлімшесінде профилактикалық есепке қойылады және олармен құқыққа қарсы және қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру әңгімелері жүргізіледі
"Ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын еске салғым келеді, баланың өзін қауіпсіз ұстай алатындығына және қоршаған орта баланың өміріне қауіп төндірмейтініне көз жеткізу маңызды. Балалар біздің әлемнен, ересектер әлемінен айтарлықтай ерекшеленетін өз әлемінде өмір сүріп жатқанын түсінуіңіз керек!",–деп атап өтті облыстың бас полицейі Ж.Бақтыбаев.