ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстауда полиция 13 қалта ұрлығын ашты

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қалта ұрлығының 13 дерегін ашты.
Полиция қызметкерлері көшелерде және қоғамдық орындарда ұрлықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру іс-шараларын жүргізеді, буклеттер таратады және адамдар көп жиналатын орындарға іледі.
Полиция қызметкерлері көшелерде және қоғамдық орындарда ұрлықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру іс-шараларын жүргізеді, буклеттер таратады және оларды адамдар көп жиналатын орындарға іледі.
Жаңаөзен қаласының кезекші бөліміне 21 жастағы жергілікті тұрғын қалта ұрлығы туралы арызданған. Азаматша полицейлерге көшеде белгісіз біреу әмиянын сөмкесінен ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
 
Аталған факті бойынша қылмыс белгілеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері күдікті анықталды. Ол полиция есебінде тұрған Атырау қаласының 29 жастағы жұмыс істемейтін тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жаңаөзен тұрғыны полицияға ұрлық туралы арызданған. Белгілі болғандай, қаскүнем терезені күштеп ашып, пәтерге  кіреді, шкафта сақталған 16 алтын әшекейді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2 миллион теңгені құрады.
Жауап алу кезінде ол қылмысын мойындады. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында ұрланған заттар күдіктіден тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды. Материал сотқа жіберілді.
"Өз мүлкіңізге мұқият болыңыз! Қалта ұрлығы сияқты қылмыстың құрбаны болмас үшін, заттарды сенімді жерлерде, ішкі қалталарда немесе түймелері бар қалталарда сақтаңыз. Ешбір жағдайда құндылықтарды жеңіл қолжетімді киім қалтасына, рюкзактың қалтасына, сондай-ақ сөмкенің бүйір қалтасына салмаңыз", - деп ескертеді полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Егер ұры адамнан бірдеңе ұрлағысы келетін болса және оның айналасындағы адамдардар ешкім оны байқамайтын болса, мұндай жағдайда айналасындағы адамдардың назарын аударып, құнды затты кімнің ұрлағысы келетінін көрсеткен дұрыс.
"Егер Сіз қалта ұрлығын байқасаңыз, онда білдіртпей, бұл туралы полиция қызметкерлеріне хабарлаған дұрыс", - деп еске салады полиция басшысы.
Полицейлер егер қалта ұрлық орын алып жатса, ұрыны ақыл-саналы азаматтар ұстаған болса, бірақ, өкінішке орай, жақын маңда полиция қызметкерлері болмаса, ең алдымен, ұрының алған заттарынан құтылып кетпеуін шаралар қабылдау, жәбірленушіні, куәгерлердің шеңберін анықтап, ішкі істер органдарына "102" телефоны арқылы шұғыл қоңырау шалу керектігін айтады.
 
Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
07 августа 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы