ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы Полиция департаменті браконьерлікке қарсы күресу бағытында 2020 жылдың 7 ай ішінде атқарылған жұмыстар нәтижесін хабарлайды

Жыл басынан бастап Полиция департаменті және қала, аудандық ішкі істер бөлімдерімен облыс көлемінде өсімдіктерді қорғау және браконьерлікке қарсы күрес аясында бірнеше арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып  өткізілді.
Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 47 қылмыстық іс қозғалған. Бұл былтырғы 2019 жылымен салыстырғанда төмендегені байқалады. Тіркелген қылмыстардың ішінде балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау (ҚР ҚК-нің 335-бабы) бойынша 15 дерек; заңзыз аңшылық бойынша (ҚР ҚК-нің 337-бабы) – 3 дерек; өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша (ҚР ҚК-нің 339-бабы) – 29 дерек тіркелді.
Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 257 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама  толтырылған. Оның ішінде:
- жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 52 хаттама толтырылып, сәйкесінше құқық бұзушыларға 32 825 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 25 880 теңге өндірілді.
балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) – 56 хаттама толтырып, 792 840 тенге айыппұл салынып 419 795 теңге өндірілді.
қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) – 115 хаттама толтырып, 493 670 тенге айыппұл салынып, 267 670 теңге өндірілді.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 2 090 келі бекіре тұқымдас балығы және 1 келі бекіре тұқымдас балықтарының қара уылдырығы анықталып, тәркіленіп алынды.
«Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері жүктеме жоспар бойынша жыл басынан бері біршама жұмыстар атқарып, рейдтік шаралар ұйымдастырды. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында тапжылмай еңбек етуде», — деп Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев айтып өтті.
Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
07 августа 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы