Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаевтың тапсырмасы бойынша басқармалар мен аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары жеке құраммен сабақ өткізеді.
Қызметтік дайындық сабақтары аясында полиция қызметкерлеріне қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетті кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бағытталған дәріс оқылды.
Әр сенбі сайын полицейлер ішкі істер органдары қызметінің негізін құрайтын нормативтік құқықтық актілерді зерделеп қана қоймай, дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізеді. Себебі дене шынықтыру полиция қызметкері үшін маңызды критерийлердің бірі болып табылады.
Мұндай іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға дайындығын және олардың сырт келбетін тексеру болып табылады.
Сабақ барысында қатысушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтік тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі, республика аумағындағы полицейлердің қатысуымен болған төтенше жағдайлардың барлық фактілері туралы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ Маңғыстау полиция қызметкерлерімен моральдық-психологиялық және психологиялық дайындық бойынша сабақтар өткізілді. Тиісті бағыттағы деректі бейнефильмдер көрсетілді.
Осындай іс - шаралардың мақсаты-қызметтік тәртіпті бұзудың алдын алу, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен іскерлік қасиеттерін жетілдіру.