
Қазақ халқы дүниеге келген балаға ат қою рәсіміне ерекше мән беріп, мейлінше мағыналы есім таңдап, бей-жай қарамаған. «Ұлы тұлғаға ұқсасын» деген ырыммен талай ата-ана Нұрсұлтан есімін балаларына қоюда. Маңғыстау полициясында осы атты арқалаған жас полиция қызметкерлерінің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Қазір облыстың Ішкі істер органдарында Нұрсұлтан есімді 16 полиция қызметкері еңбек етуде.
Егемен елдің бірегей ұлдары қазақ елінің болашағы үшін абыройлы қызмет етіп, қызметінде бірнеше жетістіктерге жетіп келеді Елбасыдай болмасам да, ұқсап баққым келеді. Бұл туралы Тәуелсіздіктің құрдасы, Ақтау қалалық Полиция басқармасының 102 Жедел басқару орталығының операторы болып қызмет істейтін полиция лейтенанты Джауметкалиев Нурсултан Тенелханұлы ол өзін тәуелсіздіктің құрдасы әрі Елбасымен аттас екенін мақтан тұтады. Нұрсұлтан өз есімінің қаншалықты салмақты екенін біледі. Сондықтан атына кір келтірмей, қай орта да абыройлы жүруді ойлайды.