
Әлеуметтік желілер арқылы полиция қызметкерлеріне алғыс жолданды. Алғыс айтушының сөзімен, 6 қантар күні Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы супермаркеттердің бірінде ол әмиянын қалдырып кеткен, кейін ол белгісіз адаммен қолды болған. Әмиянның ішінде ірі көлемде ақша және құжаттар болған. Тұрғын бірден учаскелік полиция инспекторларының көмегіне жүгінді, жедел әрекет ету арқылы тәртіп сақшылары супермаркеттің бейнебақылау камераларының көмегімен әмиянды ұрлап кеткен адамды анықтап, көп ұзатпай оны мекенжайы бойынша да тауып алды.
Бастапқыда әмиянды алған адам мойындамаған, алайда үйін тексеру кезінде ұрланған әмиян осы мекенжайдан табылды. Әмиян ішіндегі ақша және құжаттарымен иесіне қайтарылды. Оның ұрлық жасаған адамға қатысты ешқандай арыз-шағымы болмады.
Ұрлық дерегін ашуға атсалысқан Баянды ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қанат Сыдиков осы елді мекенде 6 жылдан бері учаскелік полиция қызметінде. Ал, ішкі істер органында ол 2007 жылдан бастап қызмет етеді. Оның әріптесі ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Бегалы Қорғанбаев 2016 жылдан бері осы ауылда қызмет етеді. Полиция қызметінің ішінде әсіресе учаскелік полиция инспекторының бір әкімшілік аймақта ұзақ уақыт қызмет етуі маңызды. Өйткені, учаскелік полиция инспекторы өз аймағының барлық тұрғынымен жіті таныс болып, сол жердің барлық проблемалық мәселелерін білуі және мүмкін болатын қауіптердің алдын алуға жедел әрекет ете білуі тиіс.
https://www.instagram.com/p/C13m-SBMtsW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==