
Биылғы жылы 23 маусымда біз Қазақстан полициясы күнін атап өтеміз. Бұл мереке барлық азаматтарға қатысты, өйткені барлығымыз кіші туған өлкемізден бастап үлкен Отанымызды сүйеміз және әрқайсымыз оның өркендеуі үшін үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар, біздің қоғамда Отанға қызмет ету ісі өмірдегі кәсібіне айналған отбасылар да бар. Бүгін осындай отбасылық әулеттердің бірі туралы сөз болмақ. Бұл әулеттің басшысы - Келжанов Қошкелді. Ол ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында еңбек етті, қызы Жұмашева Ғалия Қошкелдіқызы да әке жолын қуды.
Милиция әулетінің басшысы 1928 жылы Түркменияда Байрамалы қаласының маңындағы Хурриет селосында дүниеге келген. Әкесі Келжан 1929-1930 жылдардағы ұжымдастырудан кейін, тоқымындағы жалғыз торысын ортақ иешілікке сыйлап, сол қазақ колхозынатмүше болып кіреді. Ол «Келжан торы», «Келжанның торысы» атанып кетіпті. Қазақ колхозының қойылған аты "Бедняк" («Жарлы» немесе «Кедей») екен, содан кейін өмір қалпына келе бастағанда, "Қызыл Қазақстан" деп атауға шешім қабылдады. Колхоздың аты осы күйінде көпке дейін сақталған. 7 сыныпты бітіргеннен кейін сұрапыл соғыс басталып, Келжан оқуын әрі қарай жалғастыра алмады. Ол егістікте басқа да кәмелет жасына толмаған балалармен мақтаны жинау және өсіру үшін жұмыс істеуіне тура келді, шөп шауып, көкеніс екті, жинады. Соғыс кезінде барлық ересек ер азаматтар майданға аттанып, аудандар мен ауылдарда тек қана қарттар мен әйелдер, балалар қалды. Жұмысшы күші жетпеді, ол совхозда жұмыс істей жүріп, қосымша пошта апарды. Таң сәріден тұрып, жалғыз өзі сол уақыттағы қолдағы бар көлік – есекпен 5 шақырымдай қашықтықта орналасқан аудандардағы селоларға хаттар таратты. Сондай-ақ басқа балалармен бірге концерттерге шығып, кент тұрғындары алдында пьесалар қойды.
1946 жылы Қошкелді Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) мектебіне түседі, 1948 жылы бітіргеннен кейін оны Ашхабадқа милиция қызметіне жібереді, сол кезде онда жер сілкінісі болады, милицияның басқа курсанттарымен адамдарды үйінділерден құтқаруға, қаланы қалпына келтіруге және тұрғындарға азық-түлік пен киім таратып, көмектесуге тура келді.
Ашхабадта жұмыс жасаған 4 жыл ішінде орта білім туралы аттестат алу үшін кешкі мектепте оқуды жалғастырды. Заң факультетіне түсуді армандаған жас жігіт институттың сырттай бөліміне түсіп, жоғары оқу орнында білім алумен бір мезгілде жоғары партия мектебін бітіреді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін және РКП(б) мүшелігіне үміткер бола отырып, келесі күні қалалық партия комитетіне есепке тұрады. Оған қалалық милиция бөлімінде тергеу бөлімінің бастығы лауазымында қызмет ұсынылады. Сол жылдары тағайындалған қызметтен бас тарту мүмкін емес еді, сөйтіп келісімін береді. Лауазымдық міндетімен танысқаннан кейін Қошкелді жұмысқа кіріседі. Қалалық милиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған жас маман Қазақстанға келіп, Алматы облысының Гвардейск милиция бөлімінде, содан соң Талғар, Шелек және басқа бөліністерінде жұмыс жасайды. 1969 жылы оны Алматы қаласының ішкі істер бөліміне қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығына ауыстырды. 1973 жылы Қошкелді ата-баба мекені - Маңғыстауға оралады. Мұнда Ішкі істер басқармасында Қарамұрзаев Бижан, Қанаев Нарекес, Есенаманов Қызылғұл, Жардемов Темірболат, Нұрмағамбетов Орынғали және т.б. қызметтестері болды.
Ол полковник атағымен құрмет демалысына шықты, ішкі істер органдарында 40 жылдан астам қызмет етті. Еңбек ардагері "Еңбек ардагері", "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен және басқа грамоталармен марапатталды. Ішкі істер органдарының ардагері тұрған үйде тыл майданының қатысушысы, ішкі қызмет полковнигі Қошкелді Байтуғанұлы Келжановқа мемориалдық тақта орнатылды.
Көшкелді Келджановтың отбасында балалары әкесін әрқашанда мақтан тұтады. Алты баласының ішінен тек милицияда қызмет етуге тек Ғалияның ұмтылысы болды. Әкесі, қызының таңдауына «бұл әйел адамның ісі емес, бір мезгілде милицияда қызмет атқару, балаларды тәрбиелеу және отбасына қамқорлық жасау қиын болады» - деп қарсылық білдірді. Иә, шынымен жұмыс істеу қиын болды, әкемнің айтқанына келісемін. Бұл тұрғыдан маған күйеуім Байтас көмектесті, - деп Ғалия күлімсіреп жауап берді. Жәй адам, бәлкім, полиция қызметкерлеріне жатқан барлық жауапкершілікті және тәуліктің кез-келген уақытында, кез-келген ауа райында уақытпен санаспай өз жұмысын атқаратын қайсарлығын сезіне алмауы мүмкін, ол, әрине жиі іссапарлар және түнгі уақытта дабыл бойынша көтерілу және түнге дейін қалып жұмыс жасау. Ғалияның бақытына қарай, күйеуі түсінігі мол адам болып кездесті, оның сенімді тірегі десе болады – бұл оның отбасы үшін де, қызмет жағдайында да маңызды болды.
Жұмашева Ғалия Көшкелдіқызы ішкі істер органдарына 20 жасқа толған кезде жұмысқа келді. 1980 жылы ҚР ІІМ Алматы арнайы орта мектебін бітірді. Ақпараттық орталыққа 1990 жылдың қыркүйек айында жұмысқа келді. Содан бері жедел-іздестіру жұмысы жөніндегі аға инспектордан Криминалдық ақпарат орталығының бастығына дейін, кейіннен 2002 жылдан бастап басқарған Маңғыстау облысы ІІБ ақпараттық-техникалық қызмет басқармасына дейін еңбек жолын жүріп өтті. Ол 30 жылға жуық Ішкі істер органдарында жұмыс істеді, оның жартысы – ақпараттық қызметте, оның қарқынды дамуына елеулі үлес қосты. Оның қатысуымен басқарма құрамында жаңа бөлімше – ақпараттық технологиялар бөлімшесі құрылды, сол кезде келешек ұрпақ үшін бірде-бір құқық қорғау органдарында болмаған ақпараттық жүйелер әзірлене бастады. Ол Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде "полиция полковнигі" атағына ие болған екінші әйел қызметкер еді.
Сіз, болашақта мамандық таңдайтын жастарға не кеңес берер едіңіз? - мен өз кейіпкерімнен сұрадым.
- Менің ойымша, полицей болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл мамандық ерекше сипатты, зейінді және сонымен қатар мінезі қаттылау, тез шешім қабылдау қабілеті бар жауапкершілігі жоғары адамдарды талап етеді. Бұл міндетті түрде өз ісіне адал, өз мамандығының маңыздылығы сезінетін, өзін басқа адамдардың өмірі үшін жанын қиюға даяр тұратын қорықпайтын адам болуы керек, - деп жауап берді Ғалия Қошкелдіқызы.
Жалпы, Отанға қызмет ету, қылмыспен күрес шын мәнінде отбасылық ісіме айналды. Ол көптеген атақтарды, марапаттарды және грамоталарды емес, бірге қызмет атқаруға және тәжірибе үйретуге тура келген әріптестері мен тәлімгерлерінің оған деген құрметін көрсеткен, алғысын білдірген - милиция кәсіби мамандығын таңдағанына ешқашанда өкінбейді.
Маңғыстау облысы
ПД музейінің меңгерушісі
А.Алекешова
Г.К. Жумашева обасымен.