Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес жоспардан тыс аттестаттау өткізілетіні туралы хабарланады.
Жоспардан тыс аттестаттаудың мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін алдағы тоқсанға кадрлық жоспарлау жүргізу.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын, Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына белгіленген үлгіге сәйкес баянатты және «MetaDoc» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді ұсынуы қажет.
Жоспардан тыс аттестаттауға мынадай қызметкерлер жіберілмейді:
басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығы).
Полиция департаменті бастығы номенклатурасы бойынша ең төменгі біліктілік талаптары:
ПД орталық аппараты үшін – C-SVO-5 санаты;
қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдері үшін – C-SVR-6 санаты;
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше үшін – C-SN-4** санаты;
ЖҚАЖ үшін – C-SN-7*** санаты;
ПД Кинологиялық орталығы үшін – C-SVO-6 санаты;
Патрульдік полиция және Айдауыл қызметі бөліністері үшін – C-SSP-5 санаты.
қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
өздеріне қатысты қызметтік тексеру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Сұрақтар туындаған жағдайда Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тобына 8 (7292) 47-50-65, 47-52-92 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Полиция департаментінің
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы