Полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірілді

Ақтау қаласының тұрғыны Сергеева Оксана Борисовна полиция қызметкерлері Орысбаев А. мен Сайлаубаев Г.-ға көрсеткен көмегі мен жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

Оның айтуынша, 5 қараша күні жолдан өтіп бара жатқанда аяғы қатты ауырып, әрі қарай жүре алмаған. Сол сәтте жанынан өтіп бара жатқан полиция патрулі жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Қызметкерлер оны көтеріп, үйіне дейін жеткізіп салған.

Оксана Сергеева полиция қызметкерлерінің мейірімділігі мен кәсібилігін атап өтіп, оларға және отбасыларына зор денсаулық пен амандық тіледі.

Дата публикации
20 марта 2026