Мұнайлы ауданының тұрғыны Серикбаева Турсынай Жолдасбаевна Мұнайлы ауданы полиция бөліміне алғыс білдірді.
Оның айтуынша, азаматша алаяқтық әрекет жасап, нәтижесінде 27 400 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Осы факті бойынша жәбірленуші полицияға арызданған.
Арыз негізінде Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы Ж. Арунов жедел түрде тиісті шараларды қабылдап, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен сотқа жолданды.
Турсынай Серикбаева полиция қызметкерінің жедел әрі кәсіби жұмысына алғыс білдіріп, оның қызметіне табыс тіледі.