Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД бастығы номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ПД Аппараты бойынша C-SVО-5 санаты (бөлім бастығы лауазымынан бастап басқарма бастығының орынбасары лауазымын қоса алғанда);
- ЖҚАЖ C-SN-7*** санаты (взвод командирі лауазымынан бастап батальон командирі лауазымын қоса алғанда);
- ПД Кинологиялық орталығы, 2-санаттағы автошаруашылығы C-SVО-6 санаты;
- Патрульдік полиция және Айдауыл қызметі бөліністері C-SSР-5 санаты (взвод командирі лауазымынан бастап ПД ППР командирі және батальон командирі лауазымын қоса алғанда);
- Қалалық және аудандық полиция басқарма, бөлімдерінеC-SVR-6 санаты (бөлімше бастығы лауазымынан бастап басқарма, бөлім бастығының орынбасары лауазымын қоса алғанда);
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасыныңқызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады,
анықтама телефондары 8 (7292) 47-50-81, 47-51-55.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы