Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті
Ішкі істер органдары жүйесінің қызметкерлеріне
А2 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту курсының
БАҒДАРЛАМАСЫ
(қашықтан оқыту)
Негіздеме:
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мен тіл стратегиясына қатысты маңызды құжатта - Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін қалыптастыруда жаңа бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру нақты көзделген.
Осыған орай тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін меңгерту қажеттілігі туындайды.
Осы қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-215, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес жасалған Бірүлгі бағдарламасының негізінде әзірленген бағдарлама ұсынылады.
Бүгінгі күні жаңа коммуникациялық технологиялар, информатика құралдары мен телекоммуникациялар вариативтік негіздегі оқытудың жекелеген әдістерін кеңінен қолдануға, тіл үйренушілерге оқытылатын пәнді өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне, күрделілігіне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Заманауи өмірде тек білімді адам, соның ішінде шетел тілдерімен бірге ана тілін, мемлекеттік тілді жетік білетін адам ғана табысты бола алады. Осы қашықтан оқыту курсы тілдік құзыреттілікті жетілдіру мақсатында әзірленген.
Өзектілігі:
Тіл үйренушілер өздеріне ыңғайлы уақытта және орында оқумен айналысады. Әркім өзіне қажетті білімді өзі меңгеруге қажет деп санайтын мерзімде оқиды. Тіл үйренуші өз қалауы бойынша үйренуді кез келген тақырыптан бастай алады.
Курстың мақсаты: тіл үйренушіге күнделікті қатысым жағдаяттарында орта деңгейдің коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін меңгертуді көздейді. Тіл үйренушінің қарапайым және базалық деңгейлер (А1-А2) көлемінде күнделікті-тұрмыстық, тұрмыстық кәсіби салаларда қазақ тілін алдын ала дайындықпен өз бетінше пайдалана алуы үшін лексикалық-грамматикалық материалды коммуникативтік әдістемеге негіздей отырып, бірізді түрде жүйелеп ұсыну.
Қашықтан оқыту арқылы қызметкерлердің қазақ тілінен білімдерін тереңдету және кеңейту.
Міндеттері:
Нысаналы аудитория: Курс мемлекеттік тілді үйренгісі келетін кез-келген қызметкерлерге (А2–базалық деңгейге арналған бағдарлама) арналған.
Күтілетін нәтиже:
Қашықтан оқытуда үйренушілерге оқытылатын материалдың негізгі көлемін беруді қамтамасыз етіліп, оқыту процесі кезінде оқытушы мен үйренушінің арасында интерактивтік байланыс орнап, үйренушіге берілген материалды өз бетімен меңгеру мүмкіндігін беріледі.
Бағдарламада қазақ тілінің негізгі грамматикалық құрылымы қарастырылған. Оқу процесінде түрлі оқыту әрекеттері тіл үйренушілерге бірізділікпен ұсынылады: жаңа сабақта игерілу керек сөздік, грамматика, практикалық тапсырмалар (оқылым, тыңдалым бойынша), аудиофайлдар, бөлім бойынша жалпы лексикалық минимум. Тыңдаушылар алған білімдерін өздері бақылайды. Ол үшін тапсырмалардың жауап кілттері беріледі.
Білімді бағалау: кіріс, аралық, қорытынды сынақ
Курс ұзақтығы: 60 сағат
Бағдарламаны құрастырған: Сағиева Д.К.