Полицейлер кибергигиена ережелерін сақтауға шақырады

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Ақтау қаласының Полиция департаменті тұрғындарды қаржылық қауіпсіздікке назар аударуға үндейді.

Бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, АМБ ЖҚАЖ аға инспекторы, полиция майоры Абдрахманов Берік Есенұлы қазақстандықтарды интернеттегі алаяқтықтан сақ болуға және кибергигиена ережелерін қатаң ұстануға шақырды.

Құқық қорғаушылар азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасамауға,
бейтаныс нөмірлерден қоңырау келіп, SMS-кодты сұраған жағдайда дереу байланыс үзуге,
сондай-ақ WhatsApp арқылы таныстарының атынан қарыз сұраған хабарламаларға сенбей, алдымен тікелей байланыс орнатуға кеңес береді.

🔐 Интернеттегі сақтық — сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Сақ болыңыз, алаяқтарға алданбаңыз!

Дата публикации
01 июля 2025