БҰЙЫРАМЫН:
«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бектілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
16-4-тармақпен толықтырылсын:
«16-4. Мопедтерді тіркеу үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері)
мыналарды:
1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
3) бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәліметті;
4) иесінің өтінішін;
5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);
Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне 7-қосымшаның (КО ТР 018/2011) көлік құралдарының сәйкестендіруге қойылатын талаптарға сәйкес мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
ТАӘ |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі