Енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар сенімхат бойынша ЖСН ала алмайды

Енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар сенімхат бойынша ЖСН ала алмайды.
Жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі -ЖСН) алу және түзету үшін шетелдіктерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы хабарласу қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне «Кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы заңына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ЖСН қалыптастыру бойынша сенімхат арқылы мемлекеттік қызмет көрсету түрі алып тасталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ЖСН беру олардың жеке өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.Толық ақпаратты алу үшін аумақтық халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. 

Дата публикации
02 февраля 2024