Маңғыстау облысы бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні «Достық үйінде» облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен “Отбасы-тұрмыстық бұзушылықтар және кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен мүддесін қорғау салаларындағы мәселелер туралы” тақырыбында жиын өткізілді.

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев, өңірдің бас прокуроры және прокуратура қызметкерлері, қала-аудан полиция бөлімдерінің бастықтары және жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық басқармасы, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.

Шара барысында қоғам алдындағы басты проблемалардың бірі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндалып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, ерте жүктілік, құмар ойындарға әуестілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында айтылып, білім ордалары бала тәрбиесі бойынша құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болу қажеттілігі сөз болды.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе” демекші, жасөспірімдердің күнделікті жүріс-тұрысына жауапты алдыңғы қатардағы тұлғалар - баланың ата-анасы мен мектептегі оқытушылары.

Бұл күрделі әрі өзекті мәселеге полиция бей-жай қарамайды. Бала қауіпсіздігі біздің ұдайы назарымызда.

Маңғыстау облысында полиция тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу бағытында жыл басынан бері бірнеше жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Өз кезегінде ювеналды полиция инспекторлары өздеріне бекітілген білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста және күнделікті кездесулер мен рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады.

Дата публикации
28 декабря 2023