Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы жол қозғалысы тәртібін күшейту және нығайту мақсатында Маңғыстау облысында, атап айтқанда, өңір орталығы мен аудандарда мектеп оқушылары бейнеленген, сондай-ақ патрульдік автокөлік мүсіндері орнатылуда.
Маңғыстау облысының патрульдік полицейлерінің бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстар аясында өңір аумағында барлығы 35 дана макеттер орнатылып жатыр.
— Бұл, ең алдымен, жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жасалып жатқан шаралардың бірі. Жаяу жүргіншілерден жолдан өту кезінде жол талаптарын қатаң сақтап, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған өтпелерден өту сұралады, - деп атап өтті қалалық полиция басқармасы ППБ командирі Н.Қожбанов.