Полицейлер шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде

Өңір аумағында карантин енгізілгеннен бері Маңғыстау полицейлері шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 3 тамызында сағат 20.00-де осындай іс-шаралар барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері Ақтау қаласының 29 шағын ауданында жұмыс жасап тұрған "Арай" саунасын анықтады.
Полиция қызметкерлері мекеме иесін жауапқа тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев барлық азаматтарды карантин ережелерін бұзбауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.

Дата публикации
07 августа 2020