Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы

№ исх: 1-2-3-63/6157-И   от: 31.12.2022

№ вх: 2//1-2-3-63/6157-И   от: 04.01.2023

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ІШКІ ІСТЕР

 МИНИСТРЛІГІ

 

БҰЙРЫҚ

 

МИНИСТЕРСТВО

ВНУТРЕННИХ ДЕЛ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

ПРИКАЗ

2022 жылғы « 27 »  желтоқсан

 

№ 1007

Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1

 

город Астана, проспект Тәуелсіздік,1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің
66-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ)2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – ІІМ-нің Даму жоспары)бекітілсін.
  2. Министрдің орынбасарлары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Бас штабы, министрліктің комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының, полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарының бастықтары ІІМ Даму жоспарының нысаналы индикаторларының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін белгілесін және іске асырсын.
  3. ІІМ-нің ШтабыжәнеИдеологиялық және имидждік жұмыс департаменті:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықты ІІМ веб-порталында орналастыруды;
  • жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Даму жоспарын іске асыру туралы есепті дайындауды және оны ІІМ веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 086 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және таратылуы тиіс.

 

Министр

полиция генерал-полковнигі                                                    М. Ахметжанов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

20___жылғы«___»___________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

20___ жылғы«___»____________

 

Дата публикации
20 марта 2023