|
Маңғыстау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын беіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылдың 05қаңтардағы № 432 бұйрығына сәйкес бос мемлекеттік лауазымдарын толықтыру туралы конкурс жариялайды. Конкурс жариялаған ішкі істер органының аталуы: Маңғыст облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Мемлекеттік Мекемесі, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау үшін мекеменің орналасу және пошталық мекен-жайы: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 11а шағын ауданы, 5-а ғимараты, мекеменің электрондық мекен-жайы: kuzet_55@mail.ru, және USSO10@mail.ru мекеменің интернет сайты: http: //mvd.gov.kz, кадр қызметінің байланыс нөмірлері: (7292) 43-56-04, 43-00-10, конкурс қатысушысына қойылатын негiзгi талаптар: Ішкі істер органдарына қызметке орналасқан кезде конкурсқа Заңда белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы: Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, жасы 18-ге толған, денсаулығы жарамды және дене шынықтыру дайындығы бар, бойы 170 см. кем емес, Маңғыстау облысы аумағында тұрғылықты тұратын, қалалық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде есепте тұрған және саптық қызметке жарамды болып танылған, қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға 35 жасқа дейін, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен және орта білімнен кем емес білімі бар, орта басшы құрамдағы лауазымдарға 35 жастан жоғары емес, білімі жоғары заңгерлік білімі бар, сонымен қатар, спорттық, жауынгерлік күрес және атыс түрлерінен спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер спорттық біліктілік разряды бар үміткерлерге баса назар аударылады. |
|||||
|
2020 жылдың 01 маусым Маңғыстау облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі бойынша бос лауазымдар Т І З І М І
|
|||||
|
Санат |
Лауазымдардың атаулары |
Біліміне қойылатын талаптар |
Кәсіби мінездемелеріне қойылатын талаптар (қызмет спецификасын көрсететін) |
Негізгі лауазымдық нұсқаулары, |
МКҚБ бөліністерінің атаулары, бос лауазымдардың саны |
|
С-SV-12
|
полиция батальоны ның полицейі
|
Орта, арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім |
ҚР Конституциясын, «ҚР ІІО туралы, «Құқық қорғау қызметі туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қылмыстық атқару Қазақстан Республикасының кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функциялық міндеттерін орындау үшінқажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі |
Өз міндетін мықты білуге және оларды дәл орындауға; Аса маңызды мемлекеттік және тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерінде бақылау-өткізу режимін және күзет іс-шараларын ұйымдастыру, қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету; Күзетілетін объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру (өткізу және объектішілік режимді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаларды ұйымдастыру): күзет нысанына келуші азаматтардың құжаттарын тексеру, тіркеу. қауіпсіздік шарасының алдын-алу мақсатында келушілерді тексеру іс-шараларын жүргізу; объектіге жұмысшыларды тізім бойынша кіргізу (кеңес); монитордағы фотобейне бойынша кіретін тұлғаны сәйкестендіру, бейне таспа арқылы бақылау. Күзетілетін объектілерде қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Жетондық жүйені іске асыру арқылы аймақты және ішкі нысанның қауіпсіздігін қадағалау. ІІО-ның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Қызмет өткеру орны бойынша ІІО ведомствосының, бөлінісінің (қызметінің), мекемесінің қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерін білу. Кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті дене жүктемелерін төзу қабілеті. Әскери күрестің жауынгерлік тәсілдерінің техникасын және оларды қолдану дағдыларын (стандарттық және стандарттық емес қызметтік жағдайларда) меңгеру. Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті табельдік қызметтік қару-жарағының техникасын және оны қолдану дағдыларын, қаруды қолдану баптарын (стандарттық және стандарттық емес қызметтік жағдайларда) меңгеруі. Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы құралдардың теориялық негіздерін білу. Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы құралдардың техникасы мен қолдану дағдыларын (стандарттық және стандарттық емес қызметтік жағдайларда) меңгеруі. Оқу жаттығу немесе шынайы жағдайларда дабыл бойынша іс-әрекет ету сапасы. Нысанның және жеке қауіпсіздікті сақтауы бойынша машығы. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру сабақтарына қатысуы. Жазба дәптерлерінің сапасы мен тақырыптардың болуы. Өткізілген тақырыптар бойынша білімі. Транспорттық тәртіпті және Қазақстан республикасының жол ережісінің қағидаларын және талаптарын сақтау. |
Барлығы: 77 бірлік
|
Хабарлама: Конкурстық комиссияның отырысында бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасының Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) комерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Маңғыстау облысы МКҚБ кадр саясаты бөліміне тіркелуі қажет. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиісті.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылар конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттарға қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, оларды техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.