Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысы Полиция департаменті 130000, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, анықтама үшін телефон: (7292) 475173, конкурс жариялайды:
Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).
Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).
Толық ақпаратты алу үшін 8-7292-47-51-73, 8-7292-47-50-69 телефондары арқылы хабарласу қажет.
Орта басшы құрам лауазымдары –(36 бірлік):
ПД аппараты:
- ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының, іздестіру тобының аға инспекторы- 1 бірлік;
- ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторы-1 бірлік;
- ПД Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторы-1 бірлік;
Ақтау қаласы ПБ:
- Тергеу бөлімінің тергеушісі-1 бірлік;
- Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі-1 бірлік;
Жаңаөзен қаласының ПБ:
- Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы-10 бірлік,
- Патрульдік полиция ротасының аға қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету)-2;
- Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету)-7;
Мұнайлы ауданы ПБ:
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі – 2 бірлік.
Қарақия ауданы ПБ:
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (УПИ пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты) -1бірлік.
Түпқараған ауданы ПБ:
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім бері ұйымына бекітілген) -1бірлік,
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі -1 бірлік,
Маңғыстау ауданы ПБ:
- Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі -2 бірлік.
- Әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы- 2 бірлік.
Қатардағы және кіші қатардағы басшы құрам лауазымдары - (13 бірлік):
ПД аппараты:
- ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі – 1 бірлік;
- ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының кезекшінің көмекшісі-1 бірлік;
- ПД Айдауыл қызметі ротасының полицейі-3 бірлік;
- ПД Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротасының кіші инспекторы- 2 бірлік;
Ақтау қаласы ПБ:
- Ақпараттандыру және байланыс тобының технигі-1бірлік,
- Қабылдау-тарату орнының полицейі 1-бірлік,
- Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің жүргізуші-полицейі-2 бірлік.
- Әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орныныі полицейі -1 бірлік;
Бейнеу ауданы ПБ:
- Бейнеу ауданы Полиция бөлімі Боранқұл кенттік Полиция бөлімшесі Тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі-1 бірлік.