Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 2022 жылғы 7 сәуірдегі меморандумы аясындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын бірлескен бекіту рәсімі өтті.
Басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшылығы, ПД басқарма, бөліністерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірлескен жоспарды талқылап, Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А.Дуйсембаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ә. Әшірбаев қол қойды.