Барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды "Е лицензиялау"электронды порталы арқылы жібере аласыз

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТЫҚ ҚАРУДЫ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТПЕН БӨЛІСТІ


Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат алу туралы ақпаратпен бөлісті. Ол үшін қазір үйден шығудың қажеті жоқ. Барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды "Е лицензиялау"электронды порталы арқылы жібере аласыз.

Осыған байланысты, азаматтық қаруы бар Маңғыстау облысының тұрғындары қару тіркелген жердегі полиция бөліміне электронды құжаттарды ҚР ІІМ-нің "Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесі" бұйрығына сәйкес қару иесі қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін "Е-лицензиялау" электрондық үкімет веб-порталы арқылы бере алады (www.egov.kz).

Дата публикации
04 марта 2022