ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН "TILMEDIA.KZ" ВЕБ-СЕРВИСІ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН "TILMEDIA.KZ" ВЕБ-СЕРВИСІ

2017 жылы құрылған «Tilmedia.kz» сайтындағы қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.
Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.
Сайт «Ақпарат», «Қара», «Тыңда», «Оқы», «Сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады.
«Ақпарат» блогында жаңалықтар, тілдің өзекті мәселелері туралы қажетті мәліметтер берілген.
«Қара» блогында бейне ролик арқылы тілді үйретудің түрлі әдістері және қосымша балаларға арналған танымдық бейне роликтері көрсетіледі.
«Тыңда» блогында тілді үйретуге арналған аудиожинақтар, аудиокітаптар, қызықты аудиоертегілер, танымдық, әдістемелік аудиолар берілген.
«Оқы» блогында тілді үйретуге арналған тиімді әдістер, үздік әдіскерлердің озық ойлы жұмыстары мен үздік сабақтары, сапалы мәліметтер, көркем және балалар әдебиеті берілген.
«Сұрақ-жауап» блогында тіл үйрену, сайтты жетілдіру, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар мен сұрақтар және оларға жауаптар берілген.

Дата публикации
05 января 2022