Маңғыстау облысының ПД жыл қорытындысын шығарды

30 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінде аппараттың барлық қызметтері мен аудандық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген жедел кеңес өтті. Кездесу барысында ішкі істер органдарының 2021 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының, ішкі істер министрінің тапсырмаларын іске асыру және алдағы 2022 жылға міндеттер қойылды.

Облыстық ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев 23 желтоқсанда ҚР ІІМ Алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан полиция жұмысының негізгі талаптары мен басым бағыттарын жеке құрамға жеткізді.

Дата публикации
30 декабря 2021