"Нұр Отан" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Маңғыстау облысының Жол картасына сәйкес "өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" бүгінгі таңда аудан әкімдерімен бірлесіп 8 учаскелік полиция пункті ашылды. Оның ішінде тұрғын үймен біріктірілген пункттер саны – 6.
Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және "қадамдық қолжетімділік" қағидатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде тәулік бойы қызмет атқару үшін 3 стационарлық полиция бекеті құрылды және пайдалануға енгізілді. Бұл полицейлерге азаматтардың кез келген өтініштеріне жедел әрекет етуге көмектеседі.
Қазіргі уақытта облыста 28 533 бірлік бейнебақылау камералары пайдаланылады, олардың 9413 – і жедел басқару орталығына шығарылған.
Облыстың бас полицейі полиция ведомствосы бөліністерінің әрбір басшысына нақты тапсырмалар берді.