«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Ақтаулық жол сақшыларымен 3 күнде 350 құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты - жүргізушілер арасында көліктік тәртіп пен жол-көлік оқиғаларының санын азайту және болдырмау.

Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері іс-шара басталғаннан бері 350 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Мас күйде көлік басқару қылмыс екендігін біле тұра, жүргізушілер бұл құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтатар емес. Ішімдік ішіп, көлік басқарған 4 жүргізуші жол сақшыларының назарына ілігіп, жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 5 жүргізуші қарсы бағытқа шығып, көлік басқарған. Оларға әкімшілік кодекстің 596-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама жасақталды. Қарсы бағытқа шығып көлік басқару - жол-көлік оқиғаларын тудыратын қауіпті себептердің бірі екендігін естен шығармаған жөн. Сондай-ақ үш күнде көлік құралын басқару құқығынан айырылған үш жүргізушінің қайтадан көлік тізгіндегендігі анықталып, ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігімен әкімшілік жазалары белгіленді.

Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қарапайым жол жүру қағидаларын орындау, ең басты құндылық болып табылатын адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететіндігін атап өтіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзатын әрекеттерге жол бермеуге шақырады!

Дата публикации
09 декабря 2021