Жаңаөзен тұрғынынан полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті

Манғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы  полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлының  атына Жаңаөзен қаласының тұрғынынан полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.
Азаматша Ж.Нокерова полиция қызметкерлеріне  автокөлікті іздеуді ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген.
Полиция басқармасының басшылығы оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберіп,  полиция кызметкерлері қысқа мерзімде автокөлікті  ізін суытпай тауып,  көлікті иесіне қайтарған.
Алғыс хата
- "Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының басшылығына, тергеу бөлімінің жедел жұмысы мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтарға сыпайы және ілтипатты қарым-қатынасы үшін алғыс жариялауды сұраймын»,-делінген.
Көмек көрсету - әркімнің азаматтық борышы.
Тұрғындардың алғысы өз қызметтік міндеттерін адал орындауға, полицейлік қызметті үлгілі атқаруға себеп болады.
Өз кезегінде,  Полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік жұмысына оң баға бергені үшін  азаматша Ж.Нокерова  өз ризашылықтарын білдіреді . Тәртіп сақшылары  азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін және қылмысқа қарсы күресте барынша күш жұмсап, халық игілігіне кызмет етеді.

Дата публикации
16 марта 2020