Маңғыстауда "Нелегал-Кардон" іс-шарасы аясында 60-тан астам шетелдік елден тысқары шығарылды

11 қазанда Маңғыстау облысының аумағында "Нелегал-Кордон" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Төрт күн ішінде Маңғыстау облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша жауапқа 514 шетелдік тартылды. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 135 ҚР азаматына ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес хаттама жасақталды. Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқан 28 адам анықталды. Сот органдарының шешіміне сәйкес 61 шетелдік елден шығарылды.

Шара 18 қазанға дейін жалғасады.

Дата публикации
11 октября 2021