🔷️Қазан айының басталуымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Күн тәртібінде бірінші болып Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауы қаралды.
Сонымен қатар облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен жыл басынан облыс аумағындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесі мен ККО жұмысына қатысты мәселелер де қаралған болатын.
Отырыс барысында ККО төрағасы Оңайбек Әбділов құрам мүшелеріне арнайы куәлікер табысталды.
Қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізіліп, бірауыздан мақұлданды.