Маңғыстау полицейлері интернет-алаяқтықтың 32 фактісін анықтады

Маңғыстау облысы аумағында 9-15 тамыз аралығында "Anti-Fraud"жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Anti-Fraud" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша облыс бойынша 32 қылмыс ашылды, оның ішінде 11-і бұрын жасалған қылмыстар.

ҚР ҚК 190-бабы "Интернет-алаяқтық " бойынша - 15 дерек, ҚР ҚК 311 – бабы "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша – 1, ҚР ҚК 198-бабы "Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу" бойынша - 4, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 4-тармағы "ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық." Сондай-ақ, құқыққа қарсы әрекеттері бар 22 интернет-ресурстар (сайттар) бұғаттауға бағытталды.

- Естеріңізге сала кетейік, әрқашан желіде ұсынылған тауарлар мен қызметтерді тексеріп, қосымша фото және бейне шолуларды талап етуіңіз керек.
Сондай-ақ, күмәнді сілтемелер бойынша өту қауіпті, онда сізден картаның нөмірі мен cvv - коды сияқты құпия деректерді енгізу талап етіледі,- деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Дата публикации
26 августа 2021