2021 жылғы 8 шілдеде сағат 14:50 шамасында Ақтау қаласы Полиция басқармасының "102" кезекші пультіне 29а шағын ауданда Цемент орталығына қарама-қарсы жолда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы шақыру түсті.
"Opel Vectra" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, нәтижесінде көше жарық шамы бағанасына барып соқтығысты.
Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
"Opel Vectra" автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.