2021 жылдың басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 195 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 33 есірткі қылмысы.
Статистикаға сәйкес, 4 айда жедел уәкілдер ҚР ҚК 297-бабы бойынша есірткіні өткізудің 23 фактісін, ҚР ҚК 262-бабы бойынша ҰҚТ-ға қатысты 2 фактіні, ҚР ҚК 218-бабы бойынша есірткі кірісін заңдастырудың 1 фактісін, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 3 фактісін, ҚР ҚК 299-1-бабы бойынша есірткіні насихаттаудың 2 фактісін және ҚР ҚК 302-бабы бойынша есірткі притонын ұйымдастырудың 2 фактісін анықтады.
Бұдан басқа, өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз сақтаумен байланысты 162 есірткі қылмысы анықталды.
Заңсыз айналымнан 9,5 килограмм есірткі заты тәркіленді:
- "героин" - 35 гр;
- "марихуана" - 8 037 гр;
- "гашиш" - 29 гр;
- "апиын" - 3,5 гр;
- "синтетикалық есірткі" (мефедрон, альфа PVP) – 1 365 гр.
Алдын алу желісі бойынша 32 іс-шара өткізілді, оның ішінде 14 дәріс және 18 кездесу есірткіге қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетумен және оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 46 граффити жазулар анықталып, жойылды, сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың аналогтарын жарнамамен және сатумен айналысатын 18 интернет-сайт анықталды.