Ағымдағы жылы ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмағандарға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізді

"Азғын өмір салтын ұстанатын, балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша тікелей міндеттерін орындамайтын тұрмысы нашар отбасыларға ерекше назар аударылды. Олар ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке қойылады, заңсыз және қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында олармен тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", – деп атап өтті аймақ полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

 

Ағымдағы жылдың 4 айында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерлерде болғаны үшін 378 әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы).

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 20 әкімшілік хаттама жасақталды (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы). ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабында көзделген он сегіз жасқа толмаған тұлғалар темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату фактісі бойынша 13 құқық бұзушылық анықтады.

 

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша, яғни ұсақ бұзақылық үшін – 153, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін – 74, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу" -10, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы "ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу" - 50, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы "Қалалар мен елді мекендердің, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және бүлдіру" - 160 хаттама жасақталды.

 

Мәселен, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен 49 жасөспірім есепке қойылды, 4 материал ата-ана құқықтарын шектеуге берілді, 70 кәмелетке толмаған бала Маңғыстау облысының білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

 

"Ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын, баланың өзін қауіпсіз ұстай алатынына және қоршаған орта баланың өміріне қауіп төндірмейтініне көз жеткізу маңызды екенін еске салғым келеді. Сіздер балалар өз әлемінде өмір сүріп жатқанын түсінулеріңіз керек, бұл біздің, ересектер әлемінен айтарлықтай ерекшеленеді", – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың міндеті кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әкімшілік салада кәмелетке толмағандардың қылмыстылық, қадағалаусыз және панасыз қалу деңгейін төмендету болып табылады. Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданған профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны азайды.

 

 

Дата публикации
02 июня 2021