Ағымдағы жылдың басынан бастап учаскелік инспекторлар үш мыңнан астам шағымдар мен өтініштерді қарады

Ақтау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 4 ай ішінде олардың қызметтік іс-әрекетіне байланысты негізгі функцияларды іске асырды, бұл қылмыстың алдын алу, ашу, жеке профилактика, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарау және бекітілген әкімшілік учаскелерге шақыруларға қызмет көрсету.

Жыл басынан бері қаланың учаскелік полиция инспекторлары азаматтардың 3019 шағымдары мен өтініштерін қарады, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар -121, ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша - 41.
Отбасылық қатынастар саласындағы қылмыс күрделі әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Тұрмыстық қылмыстың алдын алу учаскелік полиция инспекторларының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылатыны сөзсіз.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" және "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" арнайы Заңдардың қабылдануымен полицияның қарамағында отбасылық жанжалдарға ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды, бұл оларға жеке алдын-алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қала бойынша 542 қорғау ұйғарымы шығарылды, сот тарапынан құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына 29 ерекше талап қойылды. Сонымен қатар, 4 айдың ішінде учаскелік инспекторлардың өтініші бойынша сот органдары 12 құқық бұзушыға қатысты спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салды.

УПИ бекітілген әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша анықталған жұмыстарды жүргізеді. Жыл басынан бері Ақтау қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 183 қылмысты ашты.

Учаскелік инспектор әр үйді, пәтерді аралап, өзі туралы мәліметтері бар визиткаларды таратуға тырысады, осылайша әрбір қала тұрғыны өзінің учаскелік инспекторын жеке біледі. Бұрын сотталған адамдарды, проблемалы отбасыларды, сондай-ақ қару иелерін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.

"Учаскелік полиция инспекторларының басты міндеті - қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде анықтау", – деп атап өтті полиция генерал-майоры Ж. Бақтыбаев.

 

Дата публикации
25 мая 2021