Балаларға жол сауаттылығын үйретіңіз, сіздің балаңыздың өмірі мен денсаулығы осыған тікелей байланысты

Ата-аналар!
Балаларға жол сауаттылығын үйретіңіз, сіздің балаңыздың өмірі мен денсаулығы осыған тікелей байланысты. Балаңызбен бірге жолдың жүріс бөлігіне барып, жаяу жүргіншілердің жолды қалай кесіп өткенін, олардың жан-жағына қарап, жәй қадаммен өтіп жатқанын немесе жол арқылы жүгіретінін, мүмкін біреу құлаққаппен жүріп, мүлдем естімейтінін және машинаны көрмейтінін көріп талдау жасаңыз.
Балаға бұлай істеуге болмайтынын түсіндіріңіз, осылайша жаяу жүргіншілер біле тұра өздеріне қауіп төндіреді.
Өйткені, барлығы жол қауіпсіздігінің жалпы қыр-сырын біледі, бірақ қарбаласта жүріп олар ережелерді орындауды ұмытып кетеді немесе орындағысы келмейді.
Дата публикации
15 мая 2021