Тергеу ішкі істер органдарында қылмыстарды тергеуді, анықтауды және ашуды қамтамасыз етеді

Тергеу ішкі істер органдарында қылмыстарды тергеуді, анықтауды және ашуды қамтамасыз ететін және тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерін үйлестіруді жүзеге асыратын бағыт болып табылады.

Функциялары:

  • ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстардың жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және аймақтық бақылау;
  • тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
  • қылмыс жасаған адамдарды уақтылы әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту, жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету;
  • әскери қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
  • қылмыстық істерді тергеу барысында азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • қылмыстық іс жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
  • қылмыстар профилактикасы;
  • қылмыстарды анықтаудың, ашудың және тергеудің отандық және шетелдік оң тәжірибені зерделеу, жалпылау және ішкі істер органдарының практикасына енгізу.
 
Дата публикации
01 апреля 2021