24 ақпанда Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауовтың төрағалығымен Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның биылғы алғашқы отырысы өткізілді. Отырыс барысында аталмыш органның құрамы бекітіліп, жаңа төрағасы тағайындалды. Осыған дейін ККО-ның төрағасы міндетін Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Нағашыбай Жариев атқарып келді. Консультативтік-кеңесші органның төрағасы болып техника ғылымдарының докторы, академик, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Бүкіләлемдік полицейлер ассоциациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Оңайбек Әбділов тағайындалды. Жиын барысында өткен жылы аталған орган тарапынан атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, биылғы жылға жоспарлар талқыланды.