ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай, жаңа психобелсенді синтетикалық есірткілерді, оның ішінде ғаламтор желісін және «Qiwi-әмияндарын» пайдалана отырып, іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні ғаламтор жүйесі арқылы Атырау облысы аумағында есірткі жарнамалайтын 38 сайты анықталып, ІІМ-мен бұғатталды. Полиция қызметкерлерімен және Волонтерлармен бірлесіп жүргізілген профилактикалық шаралар барысында бірнеше граффити есірткі заттарын жарнамалайтын жазбалар анықталып қала аумағында жойылды.
Есірткіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында облыстық денсаулық және білім беру басқармаларымен бірлесіп, есепті мерзім ішінде облыс көлемінде есепті мерзім ішінде облыс көлемінде әртүрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Есірткіге қарсы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығында «Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ жұқпасын алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру. «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізілген кездесуде «Нашақорлық – ауыр індет» тақырыбында баяндама, жасөспірімдерге есірткінің адам өміріне келтіретін зияны туралы әңгімелеп айтылды
Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ, Жергілікті полиция қызметі және Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімімен бірлесіп, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген азаматтарға бірнеше рет пайдалануға жарамды логотипі бар бетперделерді тарату акциясы өткізілді. Сонымен қатар, азаматтарға санитарлық карантиндік тәртіп нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы облыс аумағында есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы үнемі қадағаланып, қатаң бақылауда тұрғаны туралы қаперіңізге береміз.