Совещание по недопущению рекламы наркотиков

Маңғыстау облысының  Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, тұрғын үйлерге қызмет көрсету ұйымдарының (КСК) өкілдері және полиграфия иелерінің қатысуымен есірткінің заңсыз айналымын жарналмауға қатысты жиналысын  өткізді.

Кездесу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар сайттарды жарнамалау түрлері және бұндай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы баяндады.

Әртүрлі есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау жауапкершілікке жататынын және 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өкінішке орай, түсіндіру, алдын алу шаралары үздіксіз жүргізілгенмен есірткінің заңсыз айналымы туралы жасырын жарнамалар қоғамдық орындарда көбеюде.

PS: Егер сізге есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу фактілері белгілі болса, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдарды сіз Маңғыстау облысы  Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлай аласыз.

 

Дата публикации
09 января 2021