01.03.2021 жылы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу кезінде "Рено" автосалонында есірткі заттарын өткізу бойынша сауда нүктесін ұйымдастырған 1963 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталған азамат аталған автосалонның қызметкері болған. Ер адамның жұмыс орнында тінту барысында "марихуана" есірткі затымен түйіншектер тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.