Ақтаулық полицейлер жергілікті тұрғыннан 1 грамнан астам героин тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде одан салмағы 1 грамнан асатын героин және алты шприц табылды. Алынған шприцтерде “экстракциялық апиын” деп аталатын сұйықтық болды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtaulyq-turghynnan-1-gramnan-astam-geroin-tarkilendi/