Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және қонақтары, Полиция департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілік түрлерін ескертеді:
1. Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.