"Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы Маңғыстау облысының аумағында 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында өтті.
Іс-шара есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған, оның шеңберінде өңірлік Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қызметтің әртүрлі субъектілеріне (медициналық мекемелер мен ұйымдар, өнеркәсіптік объектілер мен кәсіпорындардың зертханалары, сондай-ақ дәріханалар мен дәріхана қоймалары) жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
"Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты 19 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
4 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған есірткіні өткізудің 2 фактісі (ҚР ҚК 262-б.1-2-б.).
1 есірткіні өткізуден түсетін кірістерді заңдастыру фактісі (ҚР ҚК 218-б.1-б.).
1 есірткіні өткізу фактісі (ҚР ҚК 297-б. 1-б.),
1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі (ҚР ҚК 296-б. 4-б.),
медициналық мекемеде есірткі құралдарын есепке алу және сақтау ережелерін бұзудың 1 фактісі (ҚР ҚК 303-б.1-б.).
есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтауға байланысты 13 теріс қылық (ҚР ҚК 296-б.2-б.) тіркелді.
Сондай-ақ, 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарды рецептісіз босатудың 2 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы) және есірткі құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылу қағидаларын бұзудың 2 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы).
Заңсыз айналымнан 70 грамм түрлі есірткі құралдары, оның ішінде "марихуана" және "героин" тәркіленді.
"Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 12 түрлі шаруашылық субъектілері тексерілді:
- 4 медициналық мекеме;
- 6 өнеркәсіптік мекеме;
- 2 дәріхана.
Дәріханалардың "Тропикамид" дәрі-дәрмегін дәрігердің рецептісіз сату фактісі бойынша материалдар ҚР ӘҚБтК 426-бабы бойынша айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыстың медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жолданды.
Облыстың ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының барлық азаматтары мен қонақтарына есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити жазуларының табылу фактілері, есірткіні сату немесе пайдалану фактілері және олардың айналымына қатысы бар тұлғалар бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда "WhatsApp" жедел желісінің +7-777-289-54-80 нөміріне хабарлауға шақырады.