Қыс мезгілі - бұл тек қар мен аяз ғана емес. Қар еріп, жауын-шашынның түсуі, лайлану салдары жолдардағы автокөліктердің ластануына әкеліп соғады. Мұндай ауа-райында автокөлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін әрдайым таза ұстаулары маңызды.
Көліктің мемлекеттік белгісінің лас болуы, өз кезегінде орын алған құқық бұзушылықтарды полиция қызметкерінің тіркеу камераларында оқуға немесе көруге қиындық туғызады.
Тәртіп сақшылары жолдардағы көріну деңгейі нашар автокөлік иелеріне ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жолдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда.
https://www.instagram.com/p/CL8PN6pj9cl/?igshid=fa6c8kw9hgbj